logo
116734
Поступивших обращений
Нокин С. К.
Председатель Агентства РК по делам строительства и ЖКХ
27 января 2012 г. №121261
Байжанова Бақыткүл Кәрібайқызы
Автору блога: Председатель Агентства РК по делам строительства и ЖКХ
Категории: Строительство, дольщики, жилищные проблемы

-Құрметті, Серік Кенесұлы мырза! Сізге көпбалалы ана ретінде өз басымдағы қиыншылыққа көмектессіз екен деп сауал жолдап отырмын. Менің 2-ші балам Төлеуберді Арайлым 5 жарым жаста туылғаннан ДЦП, сал ауруымен ауырады. Өз бетінше тамақ іше алмайды. Өз бетінше отыра да, сөйлей де, жүре де алмайды.Осы ауру баламен пәтерден пәтерге көшіп әбден қажыдық. Басымызда баспанамыз жоқ. Үйде тек жолдасым ғана жұмыс істейді.Тапқан ақшасы қымбат дәрі мен пәтер ақшасынан артылмайды.Өзім осы балаға қарап жұмыс істемеймін.Сізден өтініп сұрайтыным бізге баспана алуға көмектессеңіз екен! Алла разы болсын!  

Ответы (1)
9 февраля 2012 г.
Нокин С. К.

 

Құрметті Бақытгүл Кәрібайқызы!
 
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 67-бабына сәйкесмемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер беру шарттары:
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж, осы елдi мекенде (тұру мерзiмiне қарамастан) тұрақты тұратын және:
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына;
тұрғын үй беру туралы өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбiр мүшесiне республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 3,1 еселенген мөлшерiнен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi.
Мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер осы елдi мекенде осы мекеменiң тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерiнiң пайдалануына берiледi.
Заңның 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар:
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлген адамдар;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
оралмандар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар жатады.
Заңның 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, егер:
есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;
есепке қойған кезде және мемлекеттiк мекеменiң тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйi болмаса;
осы елдi мекенде олардың тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйi болмаса;
отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе;
жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;
отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
Заңның 71-бабына сәйкес мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу келесі тәртіпте іске асырылады.
Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беруге болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды тұрғылықты жерi бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
Баяндалғанның негізінде, көтеріп отырған мәселе бойынша жергілікті атқарушы органға шығымдануыңыз керек.